Құрметті достар!

Салтанат себебінен жарқылдақ шампан фужерін көтере, не достар ортасында жақсы шараппен ләззаттана отырып, күн астындағы жүзімнің асыл, жылу мен қуанышқа дарқан сусынға айналуының ежелгі сыры, және де өзін шарапшылық өнеріне бағыштаған адамдар жайында азғанаңыз ғана ой тартасыз. Осы жайында көп адам білмейтіндігіне келісесіз-ғой. Назарларыңызға ұсынылған кезектегі "Бахус" жаршысының беттерінде жүзім, шарап, оны пайдалану мәдениеті, және, әрине, біздің тұтынушыларға өзіміз - "Бахус" акционерлік қоғамы жайында айта отырып, осы бос орынды толтырғымыз келеді.

Біздің кәсіпорынның – шампан шарабы заводынан бастап қазіргі акционерлік қоғамға дейінгі тарихы өзінің алпыс жылдығына таяп келеді. Әрқашан да гүлмен төселмеген үлкен жол өтілді, бірақ оның есесіне өндіріс, ассортиментті кеңейту және сусындарды жоғары сапамен қамтамасыз ету даму мен жетілудің ұлғаймалы шиыршығында таймай басып келе берді. Бүгінгі таңда АҚ "Бахус" Қазастанның шарап жасау өндірісінде әйгілі жетекші болып табылады, ал біздің өнім қазақстандықтармен ғана бағаланып қоймайды.
АҚ "Бахус" президенті
АО "Бахус"
Артуш Месропович Карапетян